GMASK Auto студиясы автокөлік шанағын жалтырату жұмыстарын жоғары кәсіби дәрежеде орындайды. Жалтырату жұмыстары бірнеше кезеңде жоғары сапалы және тиімділігі жоғары химиялық пасталарын қолдана отырып орындалады. Біз бұл процедураны нәтижесі әрдайым керемет болатындай етіп орындаймыз және өз жұмысымызға фирмалық кепілдік береміз.
Жалтыратушы машиналарды қолдана отырып, автокөлік шанағын кәсіби жалтырату кезінде лак-бояу құрамы дәйекті түрде өңделіп, әр кезеңінде арнайы пасталар қолданылады. Шанақ бетінен ұсақ сызаттар, қабаттасып тұрған заттар, лактың күңгірттенген жерлері алынады, нәтижесінде автокөлігіңіз құбылып шыға келеді. Қалпына келтірілген лак бояу қабатының қызмет ету уақытына келетін болсақ, ол іс жүзінде жаңа зауыттан шыққандағымен бірдей болады. Дегенмен, біз автомобильдің сыртқы түрін мүмкіндігінше ұзақ уақыт мінсіз етіп сақтау үшін арнайы қорғаныс қоспаларын қолдануды ұсынамыз.
Айта кету керек тіпті ең жақсы және жоғары сапалы лак-бояу қабаты ұзақ уақыт бойы күңгірттену және оңып кету сияқты процестерге төтеп бере алмайды. Лак бояу қабатына майда шаң, кір, құм мен тіпті қозғалыс кезіндегі ауа ағындары зақымдалған жерлеріне ену арқылы қолайсыз жағдай туғызады. Қыс кезінде, әсіресе ылғал мен конденсаттың ең майда тамшылары өте қауіпті, олар суықта қатып, кеңейіп, кез-келген, тіпті ең берік бояу қабатының бүлінуіне және бұзылуына септігін тигізеді.
Лак-бояу қабатының тағы бір «жауы» болып құстың қиы саналады. Себебі, оның құрамындағы заттар бояу қабатын тез арада толығымен бұза алады, нәтижесінде автокөлікті қайта бояуға тура келеді.
Қазіргі кезде көлік шанағын жалтырату қызметін (дәл айтсақ- қала ішіндегі арнайы компаниялар) жиі ұсынады. Біздің фирма соның бірі болып келеді, алайда бәсекелестерімізге қарағанда бірнеше маңызды артықшылықтарымыз бар.
Біріншіден, Алматы қаласының дәл орталығындамыз, сіз бізге оңай, жылдам әрі жедел жете аласыз. Автокөлік шанағын кәсіби жалтырату жұмыстарын біздің қызметкерлеріміз өте жоғары сапада орындайды: біз лак-бояу бетіндегі ақауларын шынымнен жоямыз, көзбояушылық жасамаймыз. Сонымен қатар, біз өз клиенттерімізге бірнеше төлем әдістерін ұсынамыз, соның ішінен олар өзіне ең қолайлысын таңдай алады.
Жалтырату арқылы келесі ақауларды жоюға болады:
- механикалық үйкеліс салдарынан пайда болатын дақтар мен жауырлар;
- жанама апаттардан кейін шанаққа жұққан бояу, соның ішінде жаңа боялған жол белгілерінен жұққан бояу;
- тереңдігі 50 мкм дейін жарықтар мен сызаттар;
- сапасыз жуудан кейінгі дақтар, автокөлік шанағын дайындығы жоқ адамдардың жұмысынан немесе автокөлік шанағын бояуға арналмаған құралдармен жылтыратудан пайда болатын дақтар;
- cырлау жұмыстары кезінде лак бояу қабатына түскен шаң бөлшектері;
- кедір-бұдырлар.
Gmask аuto жалтырату жұмыстарының келесі түрлері бойынша қызмет көрсетеді:
- Химиялық паста көмегімен көлік шанағын қорғауға арналған жалтырату;
- Нанокерамиканы қолданып көлік шанағын қорғауға арналған жалтырату;
- Көлік шанағын кәсіби абразивті жалтырату;
- Жарық шамдарын жалтырату (бұлыңғырланған жарық шамдары мен пластиктен жасалынған шамдарды жаңарту);
- Автокөлік әйнектерін сызаттардан жалтырату;
- Көлік шанағындағы ұсақ сызаттарды механикалық жалтырату;
- Автокөлікке арналған қорғаныс төсемдері;