Көп жағдайда көлік иелері автокөлігін қорғауда назары мен уақытының негізгі бөлігін шанағын қорғауға бөліп, ішкі бөлігіне жеткілікті көңіл аудармайды.
Автокөліктің ішкі бөлігіне жеткілікті көңіл бөлмеудің салдарынан, уақыт өте келе майда жайсыздықтар, айта кетсек, майда сызаттар, «өрнектер», жауырлар т.б., ал кей жағдайларда тіпті жарықшақтар мен ірі сызаттар пайда болуы мүмкін.Бұл автокөліктің жалпы техникалық жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Біз автокөлік салонын қорғау және күтім жасау жұмыстарын жүргізуді дер кезінде қолға алуыңызға кеңес береміз. Бұл шаралардың көмегімен сіз өз автокөлігіңізді мерзімінен бұрын ескіруден қорғайсыз және Сіздің автокөлігіңіз әрқашан да жаңа қалпында сақталады.
Автөкөлік салонындағы зақымдалуы мүмкін бөлшектерінің беткі қабатын қорғау, қалпына келтіру және жаңарту бойынша қызмет түрлерінің толық желісін пайдаланыңыз. Қалауыңыз бойынша, бетін күңгірттеу немесе жылтырату қажет пе? Онда Сізге Hexis, Xpel, Llumar қорғаныс пленкаларын ұсынамыз. Егер де микробтардан, бактериялардан және басқа да микроорганизмдерден қорғанғыңыз келеді ме? Онда Hexis Purezone – сенсорлы экрандар мен басқару интерфейстерін қорғауда ең дұрыс шешім.
Сіз барлығы қорғалды деп ойлайсыз ба?
Біз автокөлік салоны бөліктерінің беткі қабатын қорғау шекарасын бұрынғыдан да кеңейттік. Жиі пайдаланылатын аймақтардың тозуын мүмкіндігінше азайтыңыз. Қолданылатын Hexis Bodyfence X, Llumar, Xpel қорғаныс пленкаларын, арнайы кесіліп алынған үлгілерін пайдалана отырып кез-келген түрде әрленген салонға қаз-қалпында орната аламыз. Сонымен бірге орнатылған қорғаныс пленкалары көзге көрінбейді. Керемет жылтырлық, жалама сатин немесе микробқа қарсы беткі қабат қажет пе – Біз БӘРІН қорғауға дайынбыз!
Жеті күн,тәулік бойы еш демалыссыз істейтін қорғаныс
Қиыршық тастан қорғаушы Hexis Bodyfence X, Llumar, Xpel пленкалары беткі қабатты сызаттардан, ластанудан және шаңнан жақсы қорғап қана қоймай, сонымен бірге ұзақ мерзімді және тұрақты қорғауды қамтамасыз етеді.