Жарық шамдары мен тұманға қарсы шамдарын брондау
Автокөлік шамдары (тұманға қарсы шамдарын қоса алғанда) – қымбат тұратын автокөлік бөлшегі болып келеді. Ол өте осал келеді және де жиі түрде алдынан келе жатқан көліктен түсетін майда қиыршық тас пен құмның соққысына ұшырайды. Алайда, бұл оптикалық құрылғыларды зақымданудан сақтаудың тәсілі бар, арнайы пленкалармен қаптау. Технологияның жетілмеуінен, бұрындары қиыршық тастан қорғау пленкаларын тек әйнектен жасалған жарық шамдарына қолдануға болатын. Поликарбонатты оптиканы бұндай тәсілмен мүлде қорғай алмайтын. Одан бері технологиялар жетіліп енді осы тәсілмен поликарбонатты шамдарды да қорғауға мүмкіндік туды.
Сипаттамасы
Пленка сапалы полиуретаннан жасалынады және қалыңдығы 200 - 800 микрон болады. Пленкалардың мөлдір келетін түрлері жарық шығару қарқындылығына еш әсер етпейді, ал оның қараңғылаушы түрлерінде 5% тен аспайды.
Жарық шамдарына пленка таңдап алыңыз
Мөлдір 200 микрон
Жеңіл қараңғыланған 300 микрон
Қорғаныс пленкаларын пайдаланудың артықшылықтары
Заманауи қорғаныс пленкаларын кез келген автокөлік түрлеріне, ескі болсын немесе жаңа болсын бірдей тиімді қолдануға болады:
- Ірілеу тас тиген кезінде пайда болған соққы күші, қорғаныс пленкасының бетіне біркелкі таралғаннан соққы энергиясы жұтылып, едәуір азаяды;
- Майда абразивты шаңның әсерінен сақтайды;
- Шамды зақымданудан сақтайды;
- Жарық шамы шағылған жағдайда майда сынықтардың шашылуын болдырмайды;
- Кез-келген климаттық жағдайда қолдануға болады.
Өздігіңізден жарық шамдарын желімдемеуіңізге кеңес береміз, нәтижесі көңіліңізден шықпай қалуы мүмкін. Жұмысты кәсіби мамандарға сеніп тапсыру арқылы сіз өз уақытыңызды үнемдейсіз және сапалы жұмыс нәтижесіне қол жеткізесіз. Біздің компания көлік шамдарын қорғаудың түрлі тәсілдерін ұсына алады.