Лазерлік өңдеу өнімге жеке дизайн немесе ерекше сипат беру үшін қолданылады.
Біздің «GMASK детейлинг компаниясының» мамандары жоғарғы сапалы таңбалауды американдық кәсіби лазерлік жабдығымен жүргізеді. Автокөліктің әйнектері мен айналарын ұрлатпау үшін беткі жағына автокөліктің VIN-кодын таңбалап береді.
Автокөлік салонында жұмыс атқарылуы кезінде, жаңарту жұмысы болсын, немесе дизайнды өзгерту болсын біздің мамандар бас тіреуіштер мен рөлге (мата, былғары, эко-былғары) логотиптер мен жазуларды таңбалап береді және салондағы түймешіктердің өшіп қалған таңбаларын қалпына келтіреді. Үлкен артықшылықтары: жұмыста қолданылатын лазерлік таңбалаушы GCC Laser PRO көмегімен түрлі материалдардың бетіне кез-келген дизайынды таңбалай аламыз.
Біздің жабдықтарымыздың көмегімен естелік сувенирлерге, спорттық жүлделерге жеңімпаздың атын жаздыру, қаламдарға компания логотипін немесе сериялық нөмірі және партия нөмірі басылған құрауыштарды таңбалау, сіздің тапсырысыңыз бойынша интерьер заттарына, мата, былғары, эко- былғарыны таңбалау, пішіні «күрделі» заттарды- әйнек вазаларды , түрлі спирт өнімдері құйылған бөтелкелерді лазерлік таңбалауға болады.
Сонымен бірге біздің жабдықтарымыздың көмегімен түрлі материалдардан (түрлі қалыңдықты фанера, органикалық әйнек, акрил, пластик, экобылғары және т.б.) әртүрлі 3D сувенирлер, ой дамытушы ойыншықтар мен 3D пазлдар.
Лазерлік таңбалау жұмысының техникалық сипаттамасы
Лазерлік таңбалау процессі кезінде, материал лазер сәулесі түскен сәтте қызатыны сонша, әсер ету уақытына қарай оның түсі өзгереді және контраст пайда болады немесе ол жоқ болып кетеді не болмаса күйдіріледі. Пайда болған лазерлік таңба тұрақты болады және қажалуға төзімді болады.
Лазермен кесуді қолданылғанда, белгіленген мөлшерлер бойынша жоғары дәлдікте кесіледі (материал қалыңдығы 8 мм-ге дейін).