Алматыда автокөлік салонын қайта қаптау және жаңарту – көлігіңіздің ішкі көрінісіне жаңа өмір сыйлаңыз
Былғары салон- бұл өкілдік класс, беделдік және жайлылық. Өкінішке орай, кез-келген материал жағымсыз әсерлердің әсерінен өзінің бастапқы әсемдігін жоғалтады. Осындай жағдай автокөлік интерьерін де айналып өтпейді. G Mask детейлинг орталығында мұндай олқылықтарды түзеп, бастапқы әсемдігін қайтарады. Біз автокөлік салоны мен интерьер бөлшектерін кәсіби жаңарту жұмыстарын ұсынамыз, автокөлігіңіздің мәртебелі түрін қайтарамыз. Ал егер де салон дизайнын толығымен өзгерткіңіз келсе онда біз сізге материалдардың кең ауқымды түрлері мен технологияларды ұсынамыз. Материалдарды қиыстыру, көркемдік перфорация, лазерлік таңбалау, теріні бояу – осы аталған жұмыстардың бәрін жоғары дәрежеде орындаймыз.
Автокөлігіңіздің орындықтары тозып кетті ме? Рөліңіз он жыл бойы раллиге қатысқандай түрде ме? Көлік салонының зауыттық дизайны сізді зеріктірді ма? Біз сізге көмектесе аламыз. Қызмет түрлерін таңдасаңыз болғаны, біздің мамандар қажетті материалдардың түсі мен текстурасын зақымдалу дәрежесіне және сіздің қалауыңызға қарап таңдайды.
Былғары мен винилды жаңарту
Автокөлік салонында былғары мен винилды жаңарту үшін Gmask детейлинг орталығында Furniture Clinic ағылшындық технологиясын қолданады. Оны басқаша Letech деп те атайды, Россиялық дистрибютордың атауы бойынша. Әрбір тапсырыстың барлық сатылары технологиялық талаптарға сай қадағаланып отырылады, сондықтан біз өз жұмыстарымызға кепілдік береміз. Былғарыны бояу және текстураларды жаңарту жұмыстарының барлығын 10 жылдан астам тәжірибесі бар, Letech компаниясында дәріс алған кәсіби маман орындайды.
Автокөлік салонын және оның элементтерін қайта қаптау
Келісесіз бе, күтімі бар автокөлікте жолаушылар өзін басқаша сезінеді.
Ал егер салоныңызда күйген, жыртылған, тозған жерлер болса ше? Бақытымызға орай, қаптарды қайта қаптау немесе жаңарту арқылы автокөлік салонының бастапқы сәнін қалпына келтіруге болады.
Gmask Auto да салонды қайта қаптау кезінде материалды таңдауды сізге тапсырамыз:
- Алькантара (жасанды былғары) – төзімділігі жағынан табиғи теріден де шыдамды келетін материал. Қолмен ұстағанда жағымды, ауа өткізгіш, барқыт тәріздес мата. Жасанды былғарыны табиғи терімен бірге үйлестіріп, салонның төбесін, орындықтарын, есік қаптамаларын немесе торпедасын (алдыңғы панелі) жаңғырту үшін пайдалануға болады.
- Жасанды былғары - өте қолайлы материал, арнайы күтімді қажет етпейді және қоршаған ортаның әсерлеріне төзімді келеді. Келбеті жағынан табиғи былғарыдан айырмашылығы байқалмайды.
- Табиғи былғары. Европалық Schweizer, Wollsdorf, Max, Möller, Connolly өндірушілерден Monza, Nappa былғарылары. Алдын ала тапсырыс бойынша жеткізіледі, сондықтан жеткізу уақыты алдын ала келісіледі.
- Автокөлікке арналған мата- құрамы поролоннан тұратын арнайы материал. Тамаша қорғаушы қасиеті бар, ылғалдық пен тозуға төзімді келеді. Сонымен бірге, автокөлік салонын қайта қаптау үшін автокөлікке арналған табиғи былғарыны таңдауыңызға да болады.
Автокөлік салонынан басқа, Біз оның барлық элементтерін қайта қаптауды маманданамыз.
Төменде сіз барлық қызмет түрлерімен таныса аласыздар:
Торпеда
Торпеда – сіз немесе жолаушыларыңыз автокөлікке отырған кезде алдымен көзге түсетін бөлігі. Сондықтан оның сыртқы келбеті маңызды рөл атқарады. Торпеданы жаңарту қызметі аясында, біздің мамандарымыз оны шешіп, жаңа винилмен қаптап орнына қайта орнатады.
Орындықтарды қайта қаптау
Автокөліктің орындықтары да жиі түрде аянышты кейіпке келеді. Мұндай кезде бір минут та жоғалтпау қажет. Себебі сіңіп кеткен балшық, темекіден қалған күйіктер, тозған жерлер - тек әсемділікпен ғана емес, гигиенамен де байланысты. Біз ұсынып отырған автокөлік салонын және интерьер элементтерін, оның ішінде орындықтарын қайта қаптау, элементтерін бояу, орындықтарды толығымен қайта қаптау, лазерлік таңбалау мен граверлеуді кәсіби түрде қайта қаптау қызметтерін пайдаланыңыздар.
Салонын қаптау
Түсін жоғалтқан, тозығы жеткен қаптама - жүйкесі шыдай алмайтын жандар көретін көрініс емес. Оны қалпына келтіру жұмысын бізге, Gmask Auto компаниясына сеніп тапсырсаңыз болады. Біз автокөлік салонының қаптамасын бастапқы қалпына келтіріп оған қосымша элементтер қосамыз. Егер қажет болса, онда біз дизайнын, түсін, тігісін және перфорация мен лазерлік нақыштау жұмыстарын орындаймыз.
Рөлді қайта қаптау
Тозығы жеткен рөлдің бет келбеті адамды шошытып қана қоймай, көлікті басқару қиындатып, жол апатының себепкері де болады. Рөлді Gmask Детейлинг компаниясына қайта қаптау жұмысына тапсырыс беру арқылы көлігіңізді жайлы әрі қауіпсіз жүргізе аласыз. Жұмыс барысында біз тек европалык өндірушілердің автокөлікке арналған сапалы былғарысын пайдаланамыз. Кей кездері былғарыны салонның түсіне ұқсастырып таңдап бояу жұмысы қажет болуы мүмкін, себебі салон түсіне эко-былғарының түстері келмеуі мүмкін. Егер рөл қатты тозбаса оның текстурасын жаңартып қайта бояуымзға болады.
Беріліс қорабының тұтқасын қаптау
Беріліс қорабының тұтқасы көлік жүргізу кезінде бәрінен де жиі қолданылады, соған байланысты уақыт өте келе тоза бастайды. Біз БК тұтқасына қаптау жұмысы арқылы ұқыпты етіп қалпына келтіреміз.
Артқы сөрелері
Интерьерде ұсақ-түйектер болмайды. Сондықтан да автокөлік салонын жаңарту кезінде артқы сөрелері туралы ұмытып кетпеңіз. Бұл элементтің сапалы түрде қайта қапталуы, бүкіл интерьерге жаңартылған көрініс беретіндігіне кепілдік береміз.
Жұмсақ жиҺаз. кресло мен дивандар
Gmask Auto – Алматы қаласындағы автокөлік салонын жаңартушы ең мықты компания. Бірақ жоғарыда айтылған қызметтерден басқа жұмсақ жиһаздарды, кресло мен дивандарды да қайта қаптаймыз. Сіздің ескі жиһазыңызды жаңартып, көп шығынсыз оған «жаңа өң» береміз!
Қызмет түріне қарамай, орындалған жұмыстарына Gmask Auto компаниясынан кепілдік беріледі. Келіңіздер немесе келесі номерге қоңырау шалыңыздар 8-800-070-09-70 немесе +7 (702) 317-65-56.