• +7 (702) 317-65-56
  • Алматы, мкр Коктөбе, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 330. (Шығыс айналма жолы бойында)
  • 10:00 ден 19:00 дейін

Тігін жұмыстары

Киім Бізге өз талғамымызды және әлемге өзіндік ерекшелігімізді көрсетуге көмектеседі. Бұл автомобильдің салонына  да қатысты, себебі ол өз иесі туралы көп нәрсе айта алады. Өз көлігін жақсы көретін әрі бағалайтындарға  өзіміздің Алматыдағы автошеберханамыздың қызметін ұсынамыз, көлік орындықтарын зақымдалу мен ластанудан қорғау үшін.  Gmask Auto - бұл қол жетімді бағамен қолайлы тысқаптар.

Егер  автокөлігіңіздің салонында  әрдайым жайлылық сезінгіңіз келсе, оның интерьерін сәл жаңарту уақыты келді. Gmask Auto компаниясында сіз автокөлік орындықтарының тысқаптарының келесі үлгілеріне дара тапсырыс бере аласыз:

  • Жартылай тысқаптар. Күтімде және орнатуда көп уақытты үнемдейтін қолжетімді түрі. Жартылай тысқаптарды шешу өте оңай, сондықтан сіз оларды қалаған уақытта ауыстыра аласыз;
  • Толық тысқаптар. Тысқаптардың бұл түрі барынша жайлылық береді және орындықтың түпнұсқалы төсенішіне ұқсайды. Қазіргі уақытта жүргізушілер арасында ең танымал нұсқалардың бірі;
  • Құрамдастырылған тысқаптар. Олар орындықтарды толығыменен жабады, сондай-ақ бас сүйеніші мен шынтақ сүйеніштерін де толығымен жабады. Алматыдағы Біздің автокөлік шеберханасында сіз түпнұсқалы құрамдастырылған тысқаптарға тапсырыс бере аласыз (мысалы, барқыт + эко-былғары) және осылайша салоныныңызды ерекшелендіре аласыз.

Автокөлік тысқаптарына тапсырыс беру кезінде материал таңдау

Орындық тысқаптарын тігуде біз сертификатталған экологиялық таза материалдарды қолданамыз және оны тек сенімді өндірушілерден аламыз. Біздің ассортиментімізде:

Велюр

Кез-келген жыл мезгілінде пайдалануға қолайлы. Жұмсақ мата қысты күні жылу сақтап, жазғы аптап ыстықта қатты  қызбайды. Сонымен бірге велюр сырғымайды, ал ол жол қозғалысы кезінде сақтық үшін айтарлықтай маңызды.

Гобелен

Жіптері өріле тоқылған  қалың матадан жасалады. Өрнектері қайталанбас сән беріп автокөлік салонын құбылтып жібереді. Гобелен, автокөлік орындықтарын сызаттар мен ластанудан жақсы қорғайды, ұзақ жыл қызметін атқарады.

Жаккард матасы

Сипаттамасы гобеленге ұқсас келеді, бір қарағаннан екеуін ажырату қиын.  Егер де сіз синтетикалық материалға қарсы болмасаңыз автокөлік тысқабын осы материалдан тіктіріңіз.

Эко-былғары

Бұл материал тысқаптар  тігуде  ыңғайлылығы жағынан алдыңғы қатардан орын алады.  Ласталған жерді тазарту үшін дымқыл майлықпен сүртсеңіз жеткілікті. Алайда жазды күндері осы  материалдан тігілген тысқапты матадан жасалған тысқаптарға ауыстырған жөн, себебі былғары ысып кетіп оған отыру ыңғайсыз  болуы мүмкін.

Алькантара

Алькантараны (жасанды тері) пайдаланып автокөлік салонын сәндендіріп жіберуге болады. Бұл материалды эко-былғарымен бірге пайдалана отырып салоныңыздың ішін талғамға сай сәндеп алуыңызға болады.

Пүліш пен барқыт

Пүліш пен барқыттан тігілген автокөлік салоны үйіңіздегі жұмсақ диванды  елестетеді, жүргізуші мен жолаушыларға  ыңғайлылық сезімін тудырады. Бұл материалды әйелдер жиі ұнататынына таңданбаңыз.

Автокөлікке арналған өте ыңғайлы әрі сенімді тысқаптар

Gmask Auto компаниясы әрдайым сіздің денсаулығыңыз бен қауіпсіздіңізді ойлайды.

Сол себепті автокөлік орындықтарының  тысқаптарына бірнеше  өзгетулер енгіздік, қосымша  бел тіреуіші пен бүйір элементтерін.

Біршама  уақытыңызды автокөлігіңізде өткізесіз бе?  Онда сізге бел тіреуіші өте қажет болады. Ол омыртқаңызға түсетін салмақты біршама төмендетеді, ал  пішіні арқаңызды тіреп тұрады. Рөлде біршама уақыт өткізсеңіз де максималды ыңғайлылық тудырады.

«Жылдам жүргенді» ұнатасыз ба? Жүргізуші орындығына бүйір элементтерін орнатыңыз. Тежегішті кенеттен  басқанда не  шұғыл бұрылыстарда беліңізді қорғауға арналған. Gmask Auto өте жақсы тысқаптарды тігіп қана қоймай, бар ынтазарлығымен сіздің жүргізу мәнеріңізге   сай өзгерістер  енгізуге дайынбыз.

Кішкентай жолаушылар туралы ұмытпаңыз! Біз автокөлікке арналған балалар орындығына ең қолайлы тысқап таңдап, оны сіздің көлігіңіздің салонының стилімен сәйкестендіреміз.

Біздің ресми серіктестеріміз

clearplex
hexis
fc
madico
maxprotect
dynamat
sungurd
xpel
porsche

Porsche

audi

Audi

cadillac

Cadillac

infiniti

Infiniti

mazda

Mazda

land_rover

Land Rover

jaguar

Jaguar

bmw

BMW

lexus

Lexus Nur-Sultan